Астанада 1 қазаннан бастап фонтан кешендерін қысқа дайындау жұмыстары басталды, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Бір ай ішінде мамандар кешендегі суды айдап шығарып, барлық қажетті тазарту жұмыстарын жүргізіп, фонтандарды арнайы каркаспен жауып қояды.
Астанада ұзын-саны 46 фонтан бар, оның Алматы ауданы бойынша – 10 фонтан кешені, Есіл ауданы бойынша – 20, Сарыарқа ауданы бойынша – 14, Байқоңыр ауданы бойынша – 2 фонтан бар.
"Қазір қаладағы фонтандар консервациялау кезеңінде. Бірінші қазаннан бастап жыл сайын фонтандарды жабамыз, суы шығарылады. Содан соң тазартып, жуып, жабдыққа жартылай монтаж жұмыстарын жүргіземіз. Су көздері ағаштан немесе фанерден жасалған каркаспен жабылады. Қазіргі таңда суды құйып алу жұмыстары аяқталуға жақын, жартылай жабу жұмыстарына кірістік", - деді "Астана-Сантехсервис-С" ЖШС директорының орынбасары Владислав Нагорнов.
Айта кетейік, фонтан жұмыстарын жаңарту 2019 жылы көктемде жүзеге асырылады.