Елордада "Әділет алаңы" атауымен жарық көрген телехикаяның тұсаукесері өтті. Онда судьялардың шешім қабылдаудағы қиын сәттері бейнеленген, деп хабарлайды 24.kz.
12 хикаядан тұратын туындының әрбір бөлімі – 25 минут. Осы уақыт ішінде шынайы өмірден алынған түрлі шым-шытырық жайттар көрсетіледі.
Негізгі оқиға сот залында өрбиді. Ал бас кейіпкер – саналы ғұмырын заң саласына арнаған аудандық судья. Телехикая халықтың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында түсірілді.
"Кез келген жастағы адам заңды білу керек, сот жүйесін ажырата білуі қажет. Сондықтан бұл – өте күрделі, қажетті мәселе. Осы күнге дейін мұндай рөлді ойнап көрмеппін, сондықтан іздендім. Сот процестерінде болдым", - дейді басты рөлді сомдаған актер Алдабек Шалбаев.