Астанада үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы тамызда аяқталады – әкім

610

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешілетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Астанада үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы тамызда аяқталады – әкім Фото: gov.kz

"Қаланың өсу қарқыны, әсіресе, соңғы 2-3 жылда айтарлықтай күрделі болып отыр. Қала тұрғындарының саны, әсіресе құрылыс кезеңінде 1,5 миллион адамға жетеді. Қалада 1,3 миллион халық ресми тіркелген, жыл сайынғы өсім - 70-80 мың. Демек, инженерлік инфрақұрылым да тұрақтамайды", - деп мәлімдеді әкім кәсіпкерлермен кездесуден кейін тілшілер сұрағына жауап беріп.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы тамыз айында толығымен аяқталады.

"Бірінші кезең мамыр айының соңы - маусым айының басында аяқталады. Біз қаланы қосымша сағатына шамамен 100 мың текше метр сумен қамтамасыз етеміз. Қазір тапшылық шамамен 30 мың текше метрді құрайды. Сондықтан бұл станция бізге су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Алдағы бірнеше жылда біз осыған ұқсас төртінші станцияның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Айта кетейік, 28 наурызда елордада су қысымы төмендеп кетті. Содан бері астаналықтарға суды ұтымды пайдалану ұсынылды.

"Астана су арнасы" баспасөз қызметі хабарлағандай, қала тұрғындарының өсуі мен елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіруге арналған жобалық қуаттардың тапшылығы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу