Астанада сұйытылған газ бағасы қымбаттады

812

Астанада сұйытылған газ бағасы қымбаттады

1 ақпаннан бастап Астанада сұйытылған мұнай газының бағасы 6,5 пайызға өсіп, әр тоннасы үшін қосымша құн салығынсыз 124 мың 898 теңге мөлшерінде бекітілді, деп хабарлайды 24.kz.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қалалық департаменті бұған газ тасымалдау қызметінің 4 мың теңгеге қымбаттауы себеп деп отыр. Осылайша, былтыр елордалықтар көгілдір отынның 1 текше метрі үшін 334 теңге 33 тиын төлеп келсе енді баға 355 теңге 96 тиынға жоғарылады.          
"Газ бағасының өсуінің ең басты себебі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР энергетика министрлігінің 5 желтоқсандағы №423 бұйрығымен ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газды көтерме шекті бағасының қосымша құн салығынсыз 34 319 теңгеден 38 701 теңгеге дейін, яғни 12 пайызға өсіруі", - дейді ТМР комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Айгүл Тоқтарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу