Астанада сұлулық салонының қызметкері тұрақты клиентін 1 млн 600 мың теңгеге алдап кеткен

413

Шугаринг жасайтын әйел клиентінің қызын ақылы түрде жақсы жағдайда босандыратын таныс дәрігері барын айтқан. 

Астанада сұлулық салонының қызметкері тұрақты клиентін 1 млн 600 мың теңгеге алдап кеткен Фото: Imkosmetik

Шугаринг шеберінің қызметіне жүгінген елордалық әйел алаяққа алданғанын айтып, полицияға арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол салонның тұрақты клиенті болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйел клиентінің қызын ақылы түрде жақсы жағдайда босандыратын таныс дәрігері барын айтқан. Жәбірленуші оған сеніп, еш ойланбастан 1 миллион 600 мың теңгені алаяқтың қолына ұстатқан. 

“Алаяқ жәбірленушіні қызының операциясына арналған ақшаны беруге көндіріп, қаражатты дәрігерге апарып беруге уәде берген. Алайда алаяқ ақшаны алған соң ізін суытып, хабарсыз кеткен”, – деп мәлімдеді полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 29 жастағы әйел алаяқтық жасап, тапқан ақшаны өз қажеттігіне жұмсағанын мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу