Астанада Сығанақ көшесі үш айға жабылады

590

LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Астанада Сығанақ көшесі үш айға жабылады Фото: Zakon.kz

Осыған байланысты, 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі "Номад" ТК-дан Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) оңтүстік жағымен (көпірге қарай бағыт) қозғалыс шектеледі. Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу