"Ш. Айтматов көшесінен бастап Әйтеке би көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесіндегі жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 17, 18 тамызда жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта қамтамасыз етілетін болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.