Астанада табиғи газды регазификациялайтын станция іске қосылды

931

Астанада табиғи газды регазификациялайтын станция іске қосылды

Елордада табиғи газды регазификациялаушы "Тұран" алғашқы станциясы іске қосылды және алғаш рет табиғи газ жіберілді. Табиғи газдың алғашқы тұтынушысы Назарбаев Университет. Станцияның ашылу салтанатына елорда әкімі Әсет Исекешев қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл Астана үшін айтулы күн. Президенттің тапсырмасымен республиканы түгелдей, соның ішінде Астана қаласын да газдандыру қолға алынды. Бүгін LNG инновациялық технологиясының негізінде жаңа газбен қамту кешені іске қосылды, ол атмосфераға тасталатын лас заттардың көлемін 90%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қанатқақты жоба шетелдік инвестиция, ресейлік инвесторлардың арқасында іске асты, оларға алғыс айтамыз. Бізде жоспарланған барлық жобалар жүзеге асатын болады, Астанада экология мен ауаға шығарындыларды төмендету мәселесі шешімін табады. Біз үшін осы мәселелер маңызды, және Мемлекет басшысы да қоршаған орта мен денсаулық қорғау мәселелерін бірінші орынға қоятынын білесіздер", – деп атап көрсетті Әсет Исекешев.

Қала басшысы инвесторларды, құрылысшыларды және кәсіпорынның еңбек ұжымын құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Атап өтетін болсақ, алғашқы газ станциясын іске қосу - Astana LNG 2020 жобасының және Global Gas Group компаниясының стратегиялық әріптестігінің нәтижесі. "Тұран" кешенінің қуаты сағатына 25 Гкалл құрайды, бұл жарты миллионнан аса шаршы метр ауданды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгін табиғи газға Назарбаев Университет қосылды.

Ресейлік Global Gas Group компаниясы өкілдерінің айтуынша, қаңтар айының соңында Екатеринбургте сұйытылған табиғи газ шикізатының бірінші партиясын Ресейден Қазақстанға автокөлікпен жөнелтілді.

"Астана қаласының әкімдігіне, қала әкіміне жобаға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін. РФ-дағы әріптестеріміз "Газпром Экспорт" және "Газпром трансгаз Екатеринбург" компанияларына ынтымақтастық үшін алғыс атамын. Бұл жобаға осы кезеңде екі миллирдтан астам теңге құйылды, жобаның жалпы құны – 20 млрд инвестиция", – деп мәлім етті "Global Gas Regazification" ЖШС директоры Панает Саулиди.

Алдағы төрт жылда кәсіпорын елорданың бүкіл аумағын табиғи газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Биылғы жылдың соңына дейін жеке секторды және қаланың тұрғын алаптарын газдандыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу