Астанадағы "Сарыарқа" велотрек базасында өткен ҚР чемпионатында елордалық жас таеквондошылар қала намысын лайықты қорғады, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Командалық турнирде спортшылар Алматы командасынан ұтылып, екінші орынды иеленді. Жарыста 7-11 жас аралығындағы балалар өзара бақ сынады.
№7 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бәсекелі додада белдесіп, сәтті өнер көрсете білді.
Жалпы жарыста 16 өңірден келген 1068 спортшы күресте өзара кім мықтыны анықтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу