Елордада Мәңгілік Ел даңғылы, 36 мекен-жайында "Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы" аллея салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Барлық сайланымның депутаттары "Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығы аллеясын" ашты.
"Мұнда жыл бойы бүкіл ел бойынша мерейтойлық күнге орайластырылған мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді, депутаттар қайырымдылық акцияларының бастамашысы болады. Мерейтойлық жыл бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары үшін пайдалы, қайырымдылық істермен атап өтіледі", – деді елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу