Астанада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталды

399

Нысанды толық аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Астанада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталды Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Тағы бір "Телман" газ жылу станциясының құрылысын бастадық. Бұл энергия көзінің қуаты сағатына 600 Гкалды құрайды. Қазіргі уақытта бұл нысанда қазандық ғимаратын салу жұмысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ жылу-механикалық жабдықтарды ішінара жеткізу орындалды", деп жазды шаһар әкімі.

Нысанды толық аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

"Бұл газ жылу станциясы "Бағыстан" тұрғын үй ауданы, халықаралық әуежай, Пригородный елді мекені және т.б. аумағындағы перспективалы құрылыстарды жылумен қамтамасыз етеді.

Биыл күзде "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясының, "Тұран" газ жылу станциясының бірінші кезеңінің құрылысын аяқтадық. Қазіргі жылыту маусымында олар сағатына 700 Гкал күш береді. 

Мәселен, "Оңтүстік-Шығыс" станциясы құрылысы қарқынды аумақтарды жылумен қамтамасыз етеді: Мыңжылдық аллеясы, "Нұрлы жол" вокзалы, "Бағыстан" тұрғын ауданы және т.б. "Тұран" станциясы – қаланың сол жағалауындағы жаңа құрылыс аудандарын қамтиды", деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу