Астана әкімдігі жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Келешек тұйық көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты 15 шілде сағат 07:00–ден 16 шілде сағат 07:00–ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз", - деп ескертеді әкімдіктен.