Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылмақ

176

Елордада Шыңғыс Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі аралығындағы жолға орташа жөндеу жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылмақ Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты, 21-29 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылмақ.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Яғни, аталған көше маңында кептеліс пайда болатыны анық.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу