Осыған байланысты 8-20 маусым аралығында А.Жұбанов көшесінен бастап Асан Қайғы көшесіне дейінгі учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ж.Тархан көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталғаны туралы мәлімдейді.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген хабарламада.