Бұл туралы Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Майқайын көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты биылғы 22-25 қыркүйек аралығында Дауылпаз көшесінен бастап Балталы көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады", - делінген хабарламада.
Шаһар тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап сұралады.
Астана, көше, жөндеу, жабылу
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу