Астанада тағы бір танымал әзілкеш қамауға алынды

394

Ол қоғамдық орында концертке келушілерге балағат сөз айтқан. 

Астанада тағы бір танымал әзілкеш қамауға алынды Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде танымал стенд-апер Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әзілкештің қамауға алынғанын әріптесі Әділ Айшуақов айқан болатын. Ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі растады.

Ол қоғамдық орында концертке келушілерге балағат сөз айтқан. 

"Сот отырысында Меркуль А.И. құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады, жасаған ісіне өкінді. 2024 жылғы 7 маусымдағы бейәдеп сөздер айтылған видео мейрамханада өткен әзіл-оспақ аясында болғанын түсіндірді", - делінген сот қаулысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу