Астанада тағы бір жедел медициналық көмек бөлімшесі ашылды

557

Астана қаласындағы №6 емханада жедел медициналық көмек бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды   inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.  

Астанада тағы бір жедел медициналық көмек бөлімшесі ашылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетейік, осы жылдың 10 қаңтарынан бастап пилоттық режимде қалалық №4, №5 және №10 емханаларда жедел медициналық көмек бөлімшелері іске қосылған еді. Ондағы негізгі мақсат – стационардағы дәрігерлер жүктемесін азайту және шұғыл алғашқы көмек қолжетімділігін арттыру.

"Қазір №2 қалалық балалар ауруханасына күн сайын 300-350-дей науқас келеді. Бәріңізге мәлім, бұл көрсеткіш көктем-жаз айларында ұлғаяды. Бұл жарақат алудың, әсіресе балалар арасындағы көше жарақаттарының маусымы десек те болады. Жедел медициналық көмек бөлімшесінің басымдылығы – тұрғындарға алғашқы көмекті қолжетімді және қолайлы ету", деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысыі Тимур Мұратов.

Сондай-ақ Тимур Мұратов № 2 қалалық көпбейінді аурухананың Акушерлік және негізгі блогы арасында жобаланып жатқан қабылдау-диагностикалық кешен базасында балалар травматологиялық пунктін ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әкімдік тарапынан денсаулық сақтау саласына басым көңіл бөлінуде. Бұған елорданың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша рейтингте көш бастап тұрғаны дәлел. Тұрғындар үшін сапалы медициналық қызмет дейгейін арттыру бағытында жұмыс ары қарай да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу