Астанада тағы да такси жүргізушілерін алдаған алаяқ ұсталды

478

Ер адам жүргізушіден қолма-қол ақша алып, тауарды мекенжайға жеткізген кезде, күтіп алушы онымен есептеседі деп уәде берген.

Астанада тағы да такси жүргізушілерін алдаған алаяқ ұсталды Фото: AplleInsider.ru

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жедел уәкілдер алаяқтыққа қатысы бар 26 жастағы астаналықтың ізіне түсті. Қазіргі уақытта полицияға такси жүргізушілерінен 3 арыз келіп түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Негізінен InDrive қосымшасының пайдаланушыларын алдаған. Жүргізушілер, олардың 13 мың теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденіп кеткен клиентке алданғанын хабарлаған. 

Барлық жәбірленушілерді ұқсас схема бойынша алдаған. Мобильді қосымша арқылы “тұтынушы” құжаттарды немесе пакетті мекенжайға жеткізу үшін такси шақырған.

Такси жүргізушілері келісіп, біраз уақыттан кейін көрсетілген мекенжайға жеткенде, күтіп алушыларды таппай, “тұтынушыға” қоңырау шалған. Алайда ол кезде күдіктінің телефоны өшірулі болған.

Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Полиция алаяқтың әрекетінен зардап шеккен такси жүргізушілері әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін атап өтті. 

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу