Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшесінің қиылысында оң жақ съездерде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 14-17 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу