Астанада тағы жаңа 3 көпір пайда болады

1238

Астанада тағы жаңа 3 көпір пайда болады

Астанада жаңа үш көпірдің құрылысына 20 млрд теңге бөлінетін болды. Бұл туралы қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды sn.kz.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған нысандар Есілдің сол жағалауындағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін салынбақ.

"Қысқа уақыт ішінде Тәуелсіздік даңғылының құрылысы басталады. Ол №46-шы көшеден Хусейн бен Талал көшесіне дейін созылады. Біз аталған нысанның құрылысын келер жылдан бастап кетпекшіміз. Бұл көшеде бір көпір болады. Хусейн бен Талал көшесін №39 көшеден Абылай хан даңғылына дейін созу жоспары бар. Бұл аралықтың қашықтығы 10 шақырымды құрайды және онда 2 көпір болады", – дейді А.Қарағойшин.

Оның айтуынша, үш көпірдің құрылысына 20 млрд теңге жұмсалмақ.

"Жобалар бүгінгі таңда дайындалып жатыр. Олардың құнын шамалап айта аламын. Үш көпірдің құрылысы шамамен 20 млрд теңге болады", – деді ол.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Астана әкімдігі қаладағы кептеліс проблемасын шешу үшін жаңа жолдар саламыз деп уәде берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу