Елордада такси жолаушысы жүргізушінің 200 мың теңге тұратын iPhone 11 телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері елорданың 37 жастағы тұрғынының ұрлыққа қатысы бар екендігін анықтады. Қажет мекенжайға жеткен соң, күдікті такси жүргізушісінің назары басқа жақта болған сәтті пайдаланып, автомобиль панелінде жатқан гаджетті алып шығып кеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.