Астанада такси жүргізушілері есірткінің таралуына қарсы флешмоб өткізді

525

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, есірткі айналымы мәселесі әлі де өзектілігін жоймай тұр.  

Астанада такси жүргізушілері есірткінің таралуына қарсы флешмоб өткізді Фото: gov.kz

Елордада такси жүргізушілері есірткінің таралуына қарсы флешмоб өткізді, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, "Астана – есірткісіз қала" кешенді жоспары аясында іс-шараны қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы полиция департаментімен және таксопарктермен бірлесіп өткізді.

Жүргізушілер акция барысында көліктердің көмегімен "Біз қарсымыз!" жазуын бейнеледі.

"Тыйым салынған заттарды сату ісімен жолаушылар тасымалы түрінде көбіне такси жүргізушілері айналысқан. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылады және 2019 жылдан бастап 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу