Астанада такси жүргізушісі жаңа ұялы телефонды мекенжайға жеткізбей, сатып жіберген

110

Елорда тұрғыны ұлына сыйлық ретінде Айфон 16 про ұялы телефонын сатып алып, оны жеткізіп беру үшін такси жүргізушісіне сеніп тапсырған.  

Астанада такси жүргізушісі жаңа ұялы телефонды мекенжайға жеткізбей, сатып жіберген Фото: trashbox.ru

Алайда 32 жастағы такси жүргізушісі телефон қорабын ашып, басқа адамға сатып жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Астанадағы "Сарыарқа" аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға қымбат бағалы заттарды сеніп тапсыра бермеуді ескертеді. Құнды тауарларды тек ресми жеткізу қызметтері арқылы немесе жеке бақылаумен беру ұсынылады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу