Астанада сөйлей алмайтын жүргізушіні балағаттаған жолаушы жазасын алды

237

Сот отырысы барысында К. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Астанада сөйлей алмайтын жүргізушіні балағаттаған жолаушы жазасын алды Фото: видеодан алынған кадр

Астанада такси жүргізушісін қорлап, балағаттаған бұзақы 15 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша К.-ке қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі). Істің мән-жайы бойынша, К. таксиде келе жатып, такси жүргізушісінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, балағат сөздер айтқан.

"Өз іс-әрекетімен К. қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Сот отырысы барысында К. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Жәбірленуші С. сурдоаудармашының көмегімен К. телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан.

Орын алған құқық бұзушылық К.-ның мойындау түсініктемелерінен басқа, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталды", - делінген хабарламада.

Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауаптылықты көздейді.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот 15 тәулік қамауға алу түріндегі жазалау шарасын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын, бұрын осыған ұқсас қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғанын ескере отырып тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу