Астанада бойжеткенді ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

186

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті.

Астанада бойжеткенді ұрып-соққан ер адам қамауға алынды Фото: newsroom.kz

Бойжеткенді ұрып-соққан 27 жастағы ер адам сот алдына келді. Бұған дейін ол жәбірленушіге бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 10 тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27 жастағы жігіттің таныс қызды ұрып-соғуына қатысты ісі сотта қаралды. Құқық бұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауапқа тартылғаны анықталды.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы "Ұрып-соғу" бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тәніне зақым келтіріп, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу