Астанада тапсырыспен кісі өлтірмек болған 2 адам ұсталды

430

Екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды.  

Астанада тапсырыспен кісі өлтірмек болған 2 адам ұсталды Фото: Polisia.kz видеодан алынды

Қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан жалтармақ болған.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана - Көкшетау тас жолында ұсталды.

Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу