Астанада тәртіп сақшылары түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексеріп жатыр

1253

Астанада тәртіп сақшылары түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексеріп жатыр

Елордада полиция қызметкерлері түсті және қара металл (кабель, люк қақпақтары) ұрлаудың алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

22 ақпанда Айнатас көшесінде металл қабылдау пунктін тексеру барысында салмағы 200 кг жуық алюминий кабелі тәркіленді. 36 жасар металл қабылдаушы оны белгісіз тұлғадан қабылдаған. Сондай-ақ, Бартольд көшесінде орналасқан пунктердің бірінде полиция қызметкерлері тағы да 100 кг жуық алюминий кабелін тәркіледі. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде. Тексеру шаралары барысында түрлі бұзушылықтар үшін 30-дан тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, түсті және қара металл ұрлаудың 5 дерегі тіркеліп, күдіктілер ұсталды. Көрсетілген фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Астана қаласы ІІД Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Самат Күсетовтың айтуынша металлдарды қабылдау 18 пунктісі өз жұмыстарын лицензия бойынша іске асырса, 75 пункті рұқсат беретін құжатсыз қызмет етеді.

Қазіргі уақытта метталдарды қабылдау пунктілерінің заңсыз қызметін анықтау және оның жолын кесу бойынша шаралар қолданылуда. Полиция қызметкерлері жергілікті-рейдтік шараларды жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу