Астанада тасқын суды тазалауға 158 техника тартылды

525

Астанада тасқын суды тазалауға 158 техника тартылды

Елорданың коммуналды қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеп, тасқын суды өткізу жұмысын белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жаңартылған "Кэмэл" техникасының көмегімен нөсер кәрізі желілерін тазарту жұмысы қолға алынды. Мамандардың айтуынша, тазарту құрылыстары 100% дайын.

Аудандардағы еріген қар суы арнайы техникамен сорылып жатыр. Жалпы қалада тиісті жұмысқа 158 арнайы техника тартылды.

Өткен жылдың 13 қазанынан бүгінге дейін коммуналды қызметтер қаладан 5 409 066,76 м3 қар шығарды. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда артық. Сол себепті қаланың санитарлық тазарту бойынша коммуналды қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеді.

Үш ауданда тұрғындардан өтініш қабылдау үшін диспетчерлік қызмет құрылды. "Алматы" ауданында 48-43-37, "Есіл" ауданында 48-43-26, "Сарыарқа" ауданында 48-43-92 телефондарына, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде орталық диспетчердің 54-58-19, 38-57-09 телефондарына хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу