Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылында орташа жөндеу бойынша жол жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жұмыстарды жүргізуге байланысты 16 мамырдан 1 маусымға дейін Р.Қошқарбаев даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі Тәуелсіздік даңғылының учаскесінде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу