Астанада 16 жасқа толған 30 қазақстандыққа салтанатты жағдайда жеке куәліктер табыс етілді. Шара "Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 күні" 25 жұлдызды күн акциясы шеңберінде өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.
"Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдіктерінде 20 адамға жеке куәліктер табыс етілді. "Алматы" ауданының тұрғындарына кәмелеттік жасқа толу құжаттарын әкім Әділбек Сәрсембаев табыс етті.
"Мерейтойлық дата қарсаңында жеке куәлік алу – үлкен құрмет. Сіздердің басты міндеттеріңіз – жақсы оқып, биіктерге және жеңістерге ұмтылу. Сіздерге үлкен жауапкершілік және үміт артылады, сіздердің ата-аналарыңыздың сенімін ақтап, еліміздің лайықты азаматтары болатындарыңызға сенімдіміз", – деп жастарға жылы лебіз айтылды. Әрқайсысына гүл мен кітап тарту етілді.