Астанада тәулік ішінде 12 бала тұмау белгілерімен ауруханаға жатқызылды

908

Астанада тәулік ішінде 12 бала тұмау белгілерімен ауруханаға жатқызылды

Астанада ЖРВИ салдарынан қалалық жедел медициналық жәрдемге 600 адам хабарласты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қалалық жедел медициналық жәрдем қызметіне 03.01.2017 күні 3372 адам хабарласты. Оның 608-і - ЖРВИ бойынша. Олардың ішінде 109-ы - 1 жасқа дейінгі балалар, 12 бала - ауруханаға жатқызылды. 18 жасқа дейін - 336, ауруханаға 15-і жатқызылды. Ересек азаматтар - 163, ауруханаға - 11 адам жеткізілді", - делінген басқарманың баспасөз қызметі берген хабарламасында. 

2 қаңтарда қалалық жедел медициналық жәрдемге хабарласқандар саны 3201 болды. Олардың ішінде ЖРВИ-ге байланысты - 665. 1 жасқа дейінгі балалар - 126, ауруханаға  9 жеткізілді. 18 жасқа дейін - 369, ауруханаға 6 адам жатқызылды. Ересектер - 170, ауруханаға  14 адам жеткізілді. "Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі мен қабылдау бөлімшелерінің қауырт жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды және қала емханаларында кезекші дәрігерлер 8:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтінін, жедел жәрдемді шақырту үшін кешкі уақытты күтпей, азаматтарға тұрғылықты жерлері бойынша хабарласуға болатынын еске салады", – дейді басқармадан. 

Бұның алдында хабарланғанындай, Астанада Жаңа жыл алдында халық арасында ЖРВИ аурулары өршіген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу