Астанада тазалық қызметкерлері патриоттық шара өткізді

271

100-ге жуық тазалықшы "Бәйтерек" монументі алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әнұранды шырқады.  

Астанада тазалық қызметкерлері патриоттық шара өткізді Фото: gov.kz

Бас қаладағы тазалыққа жауапты кәсіпорында 1500-ге жуық адам еңбек етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мекеменің негізгі міндеті – елорданың санитарлық тазалығын қамтамасыз етіп, қаланың көркеюіне әрі тұрғындарға жайлы болуына үлес қосу.

"Бұл біз үшін тек өз жұмысымызды атқару ғана емес, сонымен қатар патриоттық рухты нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және ел бірлігін дәріптеуге өз үлесімізді қосу мүмкіндігі", – деп атап өтті "Астана Тазалық" жеке серіктестігінің баспасөз хатшысы Қымбат Бақыткелді.

"Таза сана, таза қала" қағидатын басшылыққа алған кәсіпорын қызметкерлері қала тазалығын сақтаумен қатар, елге деген құрмет пен бірлік құндылықтарын насихаттауға да ерекше мән береді.

"Біз үшін бүгінгі шараның маңызы зор. Мемлекеттік Гимнді бірге орындау – елімізге, мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметтің белгісі. "Астана Тазалық" қызметкерлері күн сайын қаланың тазалығы үшін еңбек етеді. Осындай патриоттық іс-шараларға қатысу – біз үшін үлкен мақтаныш. Барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!" – деді "Астана Тазалық" ЖШС қолмен жинау бридагасының шебері, 6 жылдан аса еңбек ететін қызметкер Айгерім Шілімбетова.

Іс-шара соңында "Астана Тазалық" ұжымы барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу