Астанада 10 және 11 тамыз күндері Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, халық қолөнері және ұлттық тағамдары өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жәрмеңкеде жаңадан піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, дәмдеуіш және т.б. бар. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, кәдесыйлар сатып алуға болады.
Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары сол сияқты жаңа өнімдер, кәдесыйлар мен қолдан жасалған бұйымдар, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып ала алады.
Жәрмеңке "Барыс-Арена" спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.