Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі мерзімінен бұрын аяқталды

1032

Себебі жеткізілген өнімдер жылдам сатылып кетті.

Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі мерзімінен бұрын аяқталды Фото: Астана қаласы әкімдігі

Тәжікстанның мәдени күндерін мерекелеу аясында EXPO алаңында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, ұлттық қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесі өтті. Ол өз жұмысын уақытынан бұрын аяқтады. Себебі жеткізілген өнімдер жылдам сатылып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Екі күн ішінде іс-шараға 100 мыңнан астам адам қатысты.

Астанаға өз тауарларымен Соғды облысының 300-ге жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді.

Көрме-жәрмеңкеде олар 1000 тоннадан астам өнім сатты.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына жеткізілген өнімдердің алуан түрі ұсынылды.

Ассортиментте жаңа піскен көкөністер, жемістер және бақша дақылдары сияқты ауыл шаруашылығы тауарлары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу