Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

248

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің, ұлттық қолөнердің және Тәжікстанның ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жәрмеңкеде жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, түрлі дәмдеуіштер және т.б. бар. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдар, қолдан тігілген кілемдер, кәдесыйлар сатып алуға болады.

Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары сол сияқты жаңа өнімдер, кәдесыйлар мен қолдан жасалған бұйымдар, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып ала алады.

Жәрмеңке "Барыс-Арена" спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу