Төтенше жағдай Е.Брусиловский көшесінде орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қалалық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиевтің мәліметінше, станцияның екі боксын ашық жалын шарпыған. Жедел штабтың шұғыл әрекетінің арқасында өрттің көрші бокстарға таралу қаупі жойылды.
Өрт салдарынан бір шағын автобус пен бір жүк көлігі зақымданды. Сонымен қатар, 1986 жылы туған жалға алушы дене күйігін алып, ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 40 қызметкер мен 15 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу