Астанада Телеграмның кеңсесі ашылады

216

Енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. 

Астанада Телеграмның кеңсесі ашылады Фото: Pravda.com

Сенаттың жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев "Telegram"-ның Қазақстанға жауапты кеңсесі қай қалада ашылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Аstana халықаралық қаржы орталығының базасында "Telegram"-ның кеңсесін ашып жатырмыз. Контентті модерациялауға жауапты нақты адам анықталады. Егер зорлық-зомбылыққа шақыру немесе есірткінің заңсыз айналымымен байланысты заң бұзу фактілері тіркелсе, Telegram біздің өтініштерімізді жылдам қарап, арналарды бұғаттап, жоюға көмектеседі", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу