Елорданың ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы көлік тұрағынан 51 жастағы Теміртау тұрғынын анықтады.
Жеке тінту кезінде рюкзактан жалпы салмағы 2,918 келі болатын сұр-жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакеті алынды. Тәркіленген есірткі затының гашиш екендігі анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу