Астанада теміржол вокзалы маңында алапат өрт болды

421

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Астанада теміржол вокзалы маңында алапат өрт болды Фото: видео скриншот

Кеше, 23 қаңтар күні кешкі уақытта Астанадағы теміржол вокзалына жақын жерде ірі өрт тұтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, 23 қаңтар күні 21:26 шамасында өрт сөндіру бөлімшесі Дүкенұлы, 31/11С мекенжайында өрт болып жатыр деген ақпарат түскен соң жолға шықты.

"Аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын жиһаз жасайтын өндіріс цехында дайындалып қойған жиһаз, пластик және резинотехникалық бұйымдар өртеніп жатқаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өртке қарсы қызмет өкілдері қызыл жалынның басқа ғимараттарға тарап кетуін алдын алды", - деп хабарлады ведомство. 

22:40-та өрт тоқтатылып, 23:19-да толықтай басылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау шарпыған аумақта жеке құрамнан 93 адам, астаналық төтенше жағдайлар департаментінің 18 техникасы, сондай-ақ Апаттық медицина орталығы қызметкерлері жұмыс істеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу