Бүгін Астанада "Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін көлік байланыстарының әсері және сауданы оңтайландыру" тақырыбында сауда және көлік мәселелері бойынша теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің конференциясы өтті, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.
Іс-шараға теңізге шыға алмайтын дамушы 32 елден көлік және сауда министрлері қатысты. Сондай-ақ БҰҰ-ның басқа да халықаралық, өңiрлiк және өңiрге қарасты ұйымдар мен қаржы институттары, жеке сектор өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми орта және басқа да мүдделі тараптар жоғары ресми деңгейде қатысуға шақырылды.
Отырыс барысында теңізге шыға алмайтын дамып келе жатқан елдердегі қолжеткізілген жетістіктерді, сындарды, көліктік байланысты дамыту мүмкіндіктері мен озық тәжірибелерді, сонымен қатар Вен іс-әрекет бағдарламасын қабылдаудан кейінгі қатты және жұмсақ инфрақұрылымды талқылады.
ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің алғы сөзіне сәйкес, әлемде теңізге шыға алмайтын 48 ел бар. Олар дүниежүзілік сауда айналымының 90% басым бөлігін құрайтын теңіздік сауда мүмкіншілігінен айырылған.
Осымен бірге, Қазақстан сыртқы сауда көлемін ұлғайтуда, бұл өз кезегінде заманауи көлік инфрақұрылымының қалыптасуының тікелей көрсеткіші болып табылады.
Көлік кешеніне ресурстар мен қолданылғанған жігердің арқасында, бүгінгі күнде Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға жүктер 15 тәулікте тасымалданады, ал Оңтүстік теңіз бағытымен 2 ай шамасында жеткізіледі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанмен атқарылып келе жатқан жұмыстар толығымен 2030 жылға қойылған талаптарға сай келеді, осылайша тұрақты дамудың жоспары дамып келе жатқан елдердің прогресі мен болашығына тікелей ықпал етеді.
Министр "Тұрақты көлік негізгі фактор болып табылатынын түсінеміз, сондықтан соңғы екі жылда өткен көлік және сауда бойынша теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің жоғарғы деңгейдегі отырыстарының маңызды ұсыныстарын ескеру қажет", - деп айтты.
Сауда-саттықты жеңілдету бойынша ДСҰ-ның келісімін жүзеге асыруды жеделдету мәселелері талқыланды.
Министрлік конференциясының барысында транзиттік көлік инфрақұрылымын дамыту, жол физикалық инфрақұрылымды жақсарту, темір жол көлігі, порттар, ішкі су жолдарын, мұнай құбырларын, әуе көлігі саласындағы қол жеткізушілік қарастырылған декларацияға қол қойылды.