ҚР ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің елордалық департаменті Астананың тергеу абақтысында ер адам қаза болғанын растады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, ер адам 26 мамыр күні ЕЦ-166/1 тергеу абақтысында кенеттен көз жұмған.
"Тұтқынға алынған адам өкпе жеткіліксіздігінен зардап шеккен, оны медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қаланың прокуратурасы мен тиісті органдарға хабар берілді", — дейді Астананың қылмыстық атқару жүйесі департаментінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу