Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді: тұрғындарға ескерту жасалды

294

Бүгін, 13 қарашада Астанада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді: тұрғындарға ескерту жасалды Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Осыған байланысты қаладағы кейбір аумақтарда жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайында орналасқан Қазақ ұлттық спорт университетінің аумағында ұйымдастырылады.

Шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің терроризм қаупіне жедел әрекет етуге дайындығын тексеру, сондай-ақ күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау.

Оқу-жаттығу барысында университет аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, азаматтардың жүріп-тұруына және автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.

Осыған байланысты жедел штаб елорда тұрғындары мен қонақтарын жағдайға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды нұсқауларын орындауға шақырды.

Сондай-ақ азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, тексерілмеген мәліметтер мен жалған ақпаратты таратпау ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу