Астанадағы ірі базарлардың біріне террористерден қорғанысы нашар болғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.
"Өткен жылы қарашада "Шапағат" коммуналдық базарының терроризмнен қорғанысына тексеру жүргізіліп, соның барысында нысанның инженерлік-техникалық талаптарына сай келмейтін кемшіліктер анықталды. Нысанның басшысына 200 АЕК (453 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Астана ІІД дерегі бойынша, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша 2017 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 149-бабы "Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмнен қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау" бойынша 34 нысан әкімшілік жауапқа тартылған.