Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, 18 жастағы Жанарыс Жұмабай онлайн-трансляция барысында көпшілік алдында балағат сөздер айтып, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
"Аталған факті бойынша жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Полиция барша азаматты "Заң мен тәртіп" қағидатын қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу