Астанада ТҚЖБ-нің 328 салымшысы пәтерлі болды

805

Астанада ТҚЖБ-нің 328 салымшысы пәтерлі болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің астаналық 328 салымшысы пәтерлі болды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Астана күні қарсаңында баспана иесі атанған тұрғындарды бас қаланың әкімі Әсет Исекешев пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтады.

Елордадағы бұл жаңа үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған. 1 шаршы метрінің бағасы – 180 000 теңге.

" Жалпы алғанда осы жылы Астанада "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша мың шақты салымшымыз үйлі болады. Елордалық тұрғындар ақша жинап үй алуға ниетті, ол қолдарынан да келеді. Бүгін баспаналы болып отырған азаматтардың көпшілігі бастапқы жарна ретінде шоттарында 60%-ға дейінгі қаражаттың басын құрапты. Қажетті 30%-ды жинағандар да бар. Бастапқы жарнаны жинауды қиын деп тапқан жандарға жақсы жаңалық ұсынбақпыз. "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізу бекітілді, енді оған қатысу үшін 20% көлеміндегі бастапқы жарна жеткілікті", - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Жаңа тұрғын үй кешені Есіл өзенінің оң жағалауында, Қошқарбаев көшесі мен Жұмабаев даңғылының қиылысында орналасқан. Жанында Әзірет Сұлтан мешіті, Ұлттық музей, Бейбітшілік және келісім сарайы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу