Астанада ТМД елдері басшыларының Саммиті өтеді

627

14 қазан күні елордада "Орталық Азия-Ресей" саммиті өтеді. 

Астанада ТМД елдері басшыларының Саммиті өтеді

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Жоғары деңгейдегі кездесу барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарлануда, онда Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көрсетіледі", – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте. 

Сондай-ақ қорытынды құжатта саясат пен қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары атап өтіледі.

"Саммитте сондай-ақ 2023 жылы ТМД-ға төрағалықты Қырғыз Республикасына беру және Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысын Бішкекте өткізу туралы шешім қабылдау жоспарлануда. Мемлекет басшысы еліміздің ТМД-ға төрағалығының қорытындысын шығарады деп күтілуде", – деді Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу