Қатысушылар әлемнің жетекші ауыл шаруашылығы концерндерінің озық ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын ұсынады, сондай-ақ соңғы инновациялық технологиялар мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламаларын көрсетеді.
Салалық көрме аясында 20 қазанда ҚР АШМ-нің ұйымдастыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Министрлік конференциясы өтеді. Сондай-ақ бағдарлама аясында жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтарының басшыларының қатысуымен семинарлар, презентациялар, бизнес-миссиялар қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу