Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды

509

Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды

Елордада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Онда достастық шеңберіндегі өзекті мәселелер қаралады деп жоспарланған. Әсіресе сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жайы күн тәртібіндегі басты тақырып, деп хабарлайды 24.kz.

Отырыс қорытындысы бойынша ядролық апат болған жағдайда дайындықты қамтамасыз етуге, салықтық-әкімшілік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен қызметті жүзеге асыруға, жылжымалы ұялы байланыс жүйесін дамыту және пайдаланудағы ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар халықаралық шартқа қол қойылады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу