"Бұл кездесу – Достастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл, әлемдік және өңірлік экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасуға үлкен мүмкіндік. Барлық қатысушы мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне жауап беретін ТМД аясында тереңдетілген әріптестік бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты оң бағалаймыз. Бүгінгі қиын жағдайда достастық бір орында тұрмайтыны қуантады. Біздің ынтымақтастығымыз үшін жаңа бағыттар қарастырылуда", – деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол Сергей Лебедевті ТМД Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы болып кезекті 3 жылдық кезеңге тағайындалуымен құттықтады.
Кеңес отырысында ТМД экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өткізіліп, 2023 жылы Беларусь Республикасында ТМД елдерінің II ойындарын өткізу, ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу және т.б. мәселелер қарастырылады.