Астанада төбелестің соңы атысқа ұласқан

378

Төбелеске қатысқан адамдар анықталды.

Астанада төбелестің соңы атысқа ұласқан Фото: inbusiness.kz

Астанада бірнеше адам арасында атыс қаруы қолданылған жанжал болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Полицейлер төбелеске қатысушыларды анықтады 

"5 қыркүйекте полицияға оқ жарақаты фактісі туралы хабарлама келіп түсті. Таныс адамдар қарыз үшін сөзге келіп қалып, соңы төбелеске ұласқан. 31 жастағы ер адам травматикалық тапаншадан оқ атып, жасырынған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан адамдарды анықтады", делінген хабарламада.

Қылмысқа қатысты негізгі тұлғаны ұстау бойынша шаралар жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу